«Жеңісті жақындатқан ноталар»
Ұлы Жеңістің 65 жылдығы қарсаңында атқарылатын үлкен ауқымды іс-шаралар аясында жастар арасында отансүйгіштік тәрбие пен жастар саясатын дамыту, Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің жастар арасында беделін арттыру, жастарды Ұлы Отан Соғысы ардагерлерін құрметтеуге және олардың рухани-мәдени демалысын ұйымдастырып отыруға жұмылдыру, Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы әндердің қазіргі қоғам өкілдері арасында ұмытылмай, одан әрі насихатталуына жастар атынан ықпал ету, ескі әндерді жаңғырту бағытында жұмыс жүргізу үшін мәдениет саласындағы мемлекеттік органдар мен жастар ұйымдары арасында тығыз байланыс орнату, әскери-патриоттық тәрбие саласында жұмыстанатын үлкен қоғамдық ұйымдарға облыстық жастар ұйымдарының күш-қуаты мен мүмкіндіктерін ұсыну, жастар ұйымдары мен мәдени орталықтардың бірлесе жұмыс жасауына бастама беру, талантты жастардың жеткілікті деңгейде өз өнерін жетілдіруіне және ел арасында танылуына жан-жақты қолдау көрсету мақсатында үстіміздегі жылы сәуір айының 27-сі күні сағат 10.00-де Жәңгір хан атындағы БҚАТУ акт залында Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Батыс Қазақстан облысының ауыл жастары Одағы» корпоративтік қоры «Жеңісті жақындатқан ноталар» атты әскери-патриоттық әндер фестивалін ұйымдастырмақшы.
Фестивальге қонақтар ретінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, облыстық басқармалар мен жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылықтарын, көрермендер ретінде облыс жастарын шақыру және облыс көлемінде жұмыстанып келе жатқан өнер ұжымдарының, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының өнерпаздарын қатыстыру көзделіп отыр.
Анықтама байланыстары:
тел/факс: 8 (7112) 50 99 55
e-mail: kf_ssm_zko@mail.ru









