Сайтқа Тіркелу

PostHeaderIcon Екі қолға – бір жұмыс

      Оралдағы Жастар Мәдениет сарайында «Бос орын 2010» атты жұмыс жәрмеңкесі өтті. Жылдағы өтетін шараны биыл қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен «Болашақ - жастардікі» қоғамдық қоры жанындағы «Жастарды жұмыспен қамту» орталығы ұйымдастырған.

     Жәрмеңкеге 44 жұмыс беруші қатысып, 1400-дей бос жұмыс орнына тапсырыс түскен. Ал жәрмеңкеге келген жұмыс іздеушілердің дені 2000-нан асты. Олардың 85 пайыздан астамы жастар. Қызмет ұсынушылардың қойып отырған жалақысы – 25-60 мың теңгенің арасын құрайды. Жәрмеңкеде негізінен құрылысшы, сылақшы, жүргізуші және техникалық мамандықтарға сұраныс көп дейді ұйымдастырушылар.

      «Жастар практикасына» жұмысқа қабылданушылардың кезегінде де жастар көп. Жалақысы 20 мың теңге болатын қызметке бұл жолы да сұраныс молынан.

 
Тэгтар тізімі



Powered by Dapmoed
Қазір сайтта
Қазір 3 қонақ онлайн
Қажетті сілтемелер

 

 



Сайт Санаушысы
Қолданушылар : 359
Мақалалар : 123
Қаралған материалдар : 16656