Батыс Қазақстан облысында отбасы және неке құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларды қолдау жөніндегі ресурстық орталығы өз жұмысын бастайды.
2010 жылдың маусым айынан бастап Орал қаласында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Тәрбие жұмысы және жастар саясаты департаменті, «Қазақстан Жастарының Конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен «Батыс Қазақстан облысы жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен, жастарға арналған әлеуметтік қызмет көрсету – Батыс Қазақстан облысында отбасы және неке құндылықтарын насихаттау және жас отбасыларды қолдау жөніндегі ресурстық орталығы өз жұмысын бастайды. Орталықтың негізгі мақсаттары - жас отбасылардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, жас отбасыларға әлеуметік көмек көрсету, рухани дамудың алғышарттарын қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, Батыс Қазақстан облысында жастар саясатының дамытылуын ақпараттық-сараптамалық қолдау, балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу болып табылады.
Осыған орай, ресурстық орталықтың құрылымы, жұмыс бағыты, 2010 жылға арналған жұмыс бағытымен таныстыру үшін «БҚО жастар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі облысымыздың жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері үшін баспасөз мәжілісін өткізеді.
Өтетін орны: БҚО ішкі саясат басқармасының кіші мәжіліс залы, (Ж.Молдағалиев көшесі, 19. 206 бөлме)
Өтетін мерзімі: 22 маусым 2010 жыл, сағ 17.00.
Анықтама үшін: 50-99-55, 51-03-01
«Батыс Қазақстан облысы жастар Қауымдастығы» ЗТБ









