Сайтқа Тіркелу

PostHeaderIcon Қос самбошы - Азия чемпионы

  Батысқазақстандық қос самбошы Ташкент қаласында өткізілген Азия чемпионатынан жеңімпаз болып оралды.  Әскери самбодан 24 жасар балуан Бауыржан Ғұмаров 68 келі салмақ дәрежесінде Өзбекстан елінің спортшысы Әлішер Тораевты, түркіменстандық Пена Нұрышевты, Ресей балуаны Даш-Шви Аибекті тізе бүктіріп, финалда кореялық Ку Мунг Кимен белдесіп, таза жеңіске жетті. Сөйтіп, Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың дене шынықтыру және спорт факультетінің түлегі, қазір шекарашы міндетін абыроймен атқарып жүрген Бауыржан әскери самбо күресі бойынша Азия чемпионы атанды.

  Сондай-ақ осы байрақты бәсекеде тағы бір батысқазақстандық Қазбек Сұпығалиев самбодан 57 келі салмақ дәрежесінде шеберлік жарыстырып, жастар арасында екі дүркін Азия чемпионы атанды.

 
Тэгтар тізімі



Powered by Dapmoed
Қазір сайтта
Қазір 3 қонақ онлайн
Қажетті сілтемелер

 

 



Сайт Санаушысы
Қолданушылар : 359
Мақалалар : 123
Қаралған материалдар : 16652