Сайтқа Тіркелу

PostHeaderIcon «Жас түлек» қанат қақты

   Маусымның 19-ында Орал қаласындағы орталық Абай алаңында мектеп бітірушілердің салтанатты кеші болды. Мектеп түлектерін облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов құттықтап, оларға өмір айдынында сәт сапар тіледі. Облыс бойынша ҰБТ-да ең жоғары 125 балл жинаған 9 түлек пен 122 «Алтын белгі» иегеріне, сондай-ақ олардың ата-аналарына құрмет көрсетіліп, алғысхаттар мен сый-сияпат табыс етілді. Өңірде жүзден жоғары балл жинаған 16 мектеп те құрмет төрінен көрінді. Шара концерттік бағдарлама мен отшашуға ұласты.

   Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мектеп-интернаты кешенін бітірушілердің салтанатты кеші болды. Биыл аталмыш мектепті 44 түлек бітіріп, орташа 116,34 балл жинап, жылдағыдай облыстағы, елдегі үздік көрсеткіштің біріне қол жеткізді. Екі шәкірт 125 балл жинаса, 4 түлек «Алтын белгі» иегері атанды. Академик Асан Тайманов атындағы облыстық техникалық олимпиада жеңімпазы атанған он түлектің жетеуі осы мектептен.

    Мектеп бітірушілерге арналған осындай шаралар барлық білім ордаларында өткізілді.

 
Тэгтар тізімі



Powered by Dapmoed
Қазір сайтта
Қазір 1 қонақ онлайн
Қажетті сілтемелер

 

 



Сайт Санаушысы
Қолданушылар : 359
Мақалалар : 123
Қаралған материалдар : 16648