«Қазақ КТК (КВН) лигасы»
Қазақстан Республикасы халқының ынтымағы мен бірлігін жастар арасында кеңінен насихаттау, отансүйгіштік пен ұлтаралық келісімді дамыту, халық бірлігіне қатысты жұмыстардың шығармашылық деңгейде көтерілуіне талантты жастар атынан үлес қосу, жастар ұйымдарының ынтымақтастық бағытындағы жұмыстарына жаңа серпіліс беру және қолдау көрсету, жастар ортасындағы бірлік пен достықты нығайту, талантты жастарға жан-жақты қолдау көрсету мақсатында «Қазақ КТК (КВН) лигасы» республикалық жастар қоғамдық бірлестігінің «Ақжайық» филиалы 21 сәуір күні сағат 18.00-де Жастар мәдениет үйінде Достық кубогіне арналған КВН Фестивалін ұйымдастырмақшы. Аталмыш КВН Фестиваліне Батыс Қазақстан облысының жастар ұйымдары мүшелерінен, аудан және ауыл жастарынан құралған, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының, жалпы орта білім беретін мектептерінің КВН командалары қатысады.
Кеш қонақтары ретінде Қазақ КТК (КВН) лигасының жоғары оқу орындары арасындағы 2009 жылғы КВН чемпионатының чемпиондары – Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Жәңгір Серілері» КВН командасы өнер көрсетеді.
Анықтама мекен-жайы:
Ж.Молдағалиев көшесі, 19, каб. 107
тел/факс: 7 (7112) 50 99 55
ұялы телефон: 8 777 640 93 94 – Данияр Сағитжанұлы
e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосулы болуы керек









