«Болашақ жастардікі» облыстық жастар қоғамдық қорының облыстық жастарды жұмыспен қамту орталығының бос жұмыс орындары жәрмеңкесі
Мемлекеттік жастар саясатын жергілікті аймақта жүзеге асыру мақсатында халыққаралық жастар күні қарсаныңда, ағымдағы жылдың 23 маусымда БҚО Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Болашақ жастардікі» облыстық жастар қоғамдық қоры жаныңдағы «Жастарды жұмыспен қамту орталығы» және Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесе «Бос жұмыс орындары -2010» атты жәрмеңкесін ұйымдастырылды.
Шара барысында Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне жұмыс беретін 45 мекеменің басшылары мен уәкілдері қатысты. Жұмыс берушілер 211 мамандықтар бойынша 1400-ге жуық бос жұмыс орындарын ұсынды. Соның ішінде 26 инженерлік-техникалық қызметкерлерге 132 жуық бос жұмыс орындары болды. Құрлыс саласына көп мамандықтар қажет етілді. Олар тас қалаушылар, ағаш шеберлері, сылаушылар т.б 860 бос жұмысшы мамандыққа тапсырыс болды.
300 жуық бос жұмыс орындары әйел адамдар үшін болды, бұл тігіншілер, хатшы-референттер, есепшілер, банк ісінің мамандары, дәрігерлер, экономистер.
Жәрмеңкеге 3000 жуық астам адам қатысты, оның 90 % жастар, 40% әйел адамдар. 1800 жуық түйіндемелер тапсырылды. Қазіргі мәліметтерге қарағанда 300 астам адам тұрақты жұмысқа орналасты, қала мекемелері мен кәсіпорындарына 1000 астам адам сөйлесуге шақырылды.
Жол картасы бойынша жастар практикасына, әлеуметтік жұмысқа шақырылып жолдамалар берілді. Сонымен қатар мекемелерден келген уәкілдерге, жұмыс іздеушілерге әлеуметтік жұмыс, қоғамдық жұмыс, оқу біліктілігін арттыру, жастар практикасы жөнінде түсініктер беріліп, жастар практикасына 800 астам түйіндеме алынды.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 1200 астам әңгімелесуге шақырылды, 400 жұмысқа жолдама берілді.
Жәрменкедегі фото суреттер қарау
2010ж
Қорытынды сараптамасы
Жұмыс берушілердің жалпы саны-45
«Жол картасы» бойынша жалпы саны-30
Жұмыс іздеп жүрген, жәрмеңгеге қатысушылардың саны
«Жол картасы» бойыңша-1500, Әйелдер саны-150
«Бос жұмыс орындары-2010»-2000, Әйелдер саны-800
Жұмысқа орналасқан саны
«Жол картасы» бойыңша-120, Әйелдер саны-10
«Бос жұмыс орындары-2010»-300 Әйелдер саны-30
Қоғамдық жұмысқа жіберілген саны
«Жол картасы» бойыңша-жоқ, Әйелдер саны-жоқ,
«Бос жұмыс орындары-2010»-20, Әйелдер саны-15.
Кәсіптік оқуға жіберілген саны
«Жол картасы» бойыңша-35, әйелдер саны-7
«Бос жұмыс орындары-2010»-50, әйелдер саны- 25
Әлеуметтік орындарына жумысқа орналастырылғандар
«Жол картасы» бойыңша-21, әйелдер саны-14
«Бос жұмыс орындары-2010»-8, әйелдер саны
Жастар тәжіриебесі бойынша жіберілген жастар саны
«Жол картасы» бойыңша-24жас
«Бос жұмыс орындары-2010»-56жас









