Сайтқа Тіркелу

PostHeaderIcon “Болашақ” бағдарламасына құжаттарды қабылдау басталды

   “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды қабылдау басталды. Құжаттар академиялық оқу үшін маусымның 7-сінен 30 шілдеге дейін, ал ғылыми тағылымдама 30 қыркүйекке дейін қабылданбақ. Биыл басым мамандықтар тізбесіне академиялық оқу үшін – 87 және ғылыми оқуға 110 мамандық енгізілген. “Болашақ” бағдарламасы бойынша академиялық оқуға 23 елдің 200 жоғары оқу орны және тәжірибеден өту үшін 24 елдің 105 оқу орны, ғылыми орталықтары мен зертханалары кірген. 

   Құжаттар Астана мен Алматыда қабылданады. Ерекшелігі, құжаттарды бұрынғыдай поштамен жіберуге болмайды, қолма-қол тапсыру керек. Үміткерлерге қойылатын талаптар бұрынғысынша, еш өзгеріссіз қалған. «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына тек ЖОО мен мектеп түлектері ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер де, ғылыми-педагогика қызметкерлері мен ауыл жастары да қатыса алады. Аталған санаттағылар үшін «Болашақ» бағдарламасы аясында бірқатар жеңілдіктер қарастырылып, квоталар да белгіленген. 

   Іріктеу ережесі, басым мамандықтар мен қажетті құжаттар тізбесі, үміткерлердің қосымша сауалнамалары, сондай-ақ конкурс бойынша қосымша ақпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның  www. edu-cip.kz ресми сайтында орналастырылған.

 
Тэгтар тізімі



Powered by Dapmoed
Қазір сайтта
Қазір 3 қонақ онлайн
Қажетті сілтемелер

 

 



Сайт Санаушысы
Қолданушылар : 361
Мақалалар : 123
Қаралған материалдар : 16789