A+ A A-

Жәрмеңкедегі ойын

  • Опубликовано: 02.09.2014 12:50
  • Просмотров: 473

   30 тамыз күні ҚР Конституция күніне орай Сырым ауданы орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке барысында «Сырым жастары» ЖҚБ мен «Жас Отан» ЖҚ аудандық филиалының ұйымдастыруымен жәрмеңкеге қатысушы тұрғындар арасында лотерея ойнатылды.

Ойынның ұтыс қорында азық-түлік өнімдері және бас жүлде ретінде қой тігілді. Шара ұтысқа ие болған тұрғындармен қатар барлық қатысуышылардың көңілінен шықты.

[widgetkit id=18]